"Жүректің әмірі келген кезде": Қарақат Әбілдина қашан келін түсіретінін айтты (видео)

Әнші Qazaqstan ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасында сұхбат берді.

Әнші Қарақат Әбілдина тұңғыш ұлы Бекболат Болмановтың үйленер сәтін күтіп жүргенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші Qazaqstan ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасында сұхбат берді. Бағдарламада балалық шағы, шығармашылық жолы туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар тұңғыш ұлының кішкентай кезіндегі бейнежазбалар көрсетілді. 

Әнші жүргізушінің «Өнердегі қатар жүрген аға-інілеріңіз келін түсіріп жатыр. Сіздің шаңырақта тойдың ауылы алыс емес пе? Ұлдарыңыз қашан үйленеді?» деген сауалға жауап берді.

«Бұл кадрда Бекболат бірінші сыныпқа баратын кез. Өзіміз жап-жаспыз  мұнда. Көзіме жас келіп отыр. Алматыда тұратын едік. ...Ал сұрақты Бекболатқа қою керек. Біз дайынбыз. Жүрек, шіркін, сәті келгенде ешкімді тыңдамайды ғой. Жүректің әмірі келген кезде той болады бұйырса…», - дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.