Мемлекеттік компанияға келтірілген шығын көлемі 3,4 млн теңгеден астам соманы құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірінші сатыдағы сот үкімімен кінәлілер әртүрлі мерзімдерге, оның ішінде шартты түрде және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған.
Жәбірленушінің азаматтық талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды.
Апелляциялық саты сотымен үкім өзгертіліп, ұрланған мүліктің АҚ-ға тиесілігі туралы бөлігі алып тасталған. Азаматтық талап-арызды қараусыз қалдырып, мемлекеттік компанияның залалды өтету құқығынан іс жүзінде айырған.
Прокуратураның кассациялық тәртіппен енгізген наразылығы бойынша сот актілерінің бұл бөлігінің күші жойылды.
Кассациялық сот азаматтық талап-арызды тек мүлік иесі ғана емес, сонымен қатар мүлікті заңды негізде иеленіп отырған АҚ бере алатынын көрсетті.
Сотталғандардан QazaqGaz Aimaq АҚ-ның пайдасына ортақтасқан тәртіппен 3,4 млн теңге материалдық шығын өндірілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.