Қызылордада кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыс фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға туралы құқық қорғаушы Ләззат Рақышева хабарлады. Оның мәліметінше, 29 жастағы ер адам сыбайласымен бірге кәмелетке толмаған қызды күштеп автокөлікке отырғызып, пәтерге алып барған. Сол жерде оны таңға дейін заңсыз ұстап, оған қарсы қылмыстық әрекет жасаған.
Оқиға салдарынан қыз жүкті болып, бір ай бұрын босанған.
Құқық қорғаушының айтуынша, қазіргі уақытта жас анаға күдіктінің туыстары тарапынан да, тергеу органдары тарапынан да психологиялық қысым көрсетіліп отыр.
Қызылорда облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады. Күдікті қамауға алынған. Полиция тергеу жан-жақты әрі объективті жүргізілетінін мәлімдеді.