Сот мәліметі бойынша, сегіз кәмелетке толмаған жасөспірімге нақты мерзім тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оларға 5-тен 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Қылмыс жасалған кезде кәмелет жасына жеткен тағы бір қатысушыға 7 жылдық колония жазасы берілді.
Тергеу анықтағандай, олар бірнеше рет жалғыз тұратын қарт адамның пәтеріне кіріп, оны ұрған, қорлаған және ақшасын тартып алған. Жасөспірімдер өз әрекеттерін видеоға түсіріп, таныстар арасында таратқан. Бұл жазбалар желіге шыққаннан кейін барлық қатысушы ұсталған.
Айта кеткен жөн, бұл оқиға былтыр наурыз айында Теміртауда болып, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.