Түркістанда 23 жастағы әйел сәбиін сатқысы келгені үшін ұсталды

Полиция оның заңсыз әрекетін дер кезінде әшкерелеп, қылмыстық жоспарын құжаттап, күдіктіні ұстады.

Түркістан облысында 23 жастағы әйел жүктілігінің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы сәбиін сатқысы келген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полиция оның заңсыз әрекетін дер кезінде әшкерелеп, қылмыстық жоспарын бақылап, күдіктіні ұстады. Әйел босанғаннан кейін небәрі үш күндік нәрестені сату сәтінде қолға түсті.

Қазір жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында, өміріне қауіп жоқ. Күдіктінің ісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр. Полиция адам саудасының кез келген түріне, әсіресе балаларға қатысты қылмысқа қарсы қатаң әрекет ететінін атап өтті.