Батыс Техас сұрыбының бағасы 11%-ға өсіп, шамамен 112 долларға жетсе, Brent маркалы шикізат 8%-ға көтеріліп, 109 доллар деңгейінде бағаланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сарапшылар мұнай бағасының өсуін АҚШ президентінің Иранға қарсы әскери операцияларға қатысты мәлімдемесімен байланыстырады.
Сонымен қатар Ормұз бұғазының әлемдік мұнай тасымалының шамамен 20%-ын қамтамасыз етуі және су жолының ашылмауы да қымбатшылыққа әсер етіп отыр.