Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда отандасымыз тәжікстандық Шамшер Саидовқа қарсы шаршы алаңға шықты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Төрехан Сабырхан кем дегенде қола жүлдені өзіне қамтамасыз етті.
Айта кетейік, бұған дейін 1/4 финалға Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) өткен еді.