Боксшы Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының финалына шығу үшін жұдырықтаспақ

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Шахзод Музафаровпен қолғап түйістірді.

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Махмұд Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Шахзод Музафаровпен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Махмұд Сабырхан 3:2 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін күндізгі сессияда Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) жартылай финалға жолдама алған еді.