Актер Асқар Жұмабек даулы оқиғадан кейін жан дүниесі алай-дүлей болып жүргенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол әлеуметтік желідегі желідегі парақшасында жазба жариялап, жан сырын ақтарды.
"Ойлана келе, бір шешімге келдім, сіздердің барлық жазғандарыңызды оқыдым, көрдім! Ит мені тістеді екен деп, мен де барып итті тістесем, менің ол иттен айырмашылығым не? Бәрін бір Жаратқанға тапсырдым , осымен бұл жағдайды өзім үшін жаптым. Даттаған жандарға да, мақтаған жандарға да рақмет. Аман жүріңіздер, Қазақ халқы", - деп жазды ол.
Айта кетейік, желіде актердің қызбен жандалдасқан видеосы тараған болатын. Содан кейін қоғамдық орында тәртіпті бұзғаны үшін 10 тәулікке қамалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.