Қазақстандық былғары қолғап шебері Ертуған Зейнуллинов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен жұдырықтасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Ертуған Зейнуллинов 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.
Айта кетейік, бүгін, кешкі сессияда Валентина Хальзова (75 келіге дейін) мен Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.