Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокатқа қатысты үкім шықты

Көрінеу жалған жауап беру заңмен қатаң жауаптылыққа әкеліп соғады.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 420-бабы 2-бөлігімен (сотта көрінеу жалған айғақтар беру) адвокатқа қатысты үкім шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұған дейін жәбірленуші азаматша өзін зорлағаны туралы іспен басты сот талқылауы барысында күдіктіні қылмыстан жалтарту мақсатында бастапқы шыншыл жауабынан бас тартып, көрінеу жалған айғақ берген.

Сәйкесінше арнайы прокурорлар жәбірленуші азаматшаға қатысты ҚК-нің 420-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, нәтижесімен соңғыны мұндай әрекетке адвокаты айдап салғанын анықтаған.

18.02.2026ж. сот үкімімен адвокат пен азаматша кінәлі деп танылып, оларға 5 және 6,5 жылға тисінше бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Прокуратура органдары азаматтарды қылмыстық процесте шынайы айғақтарды беруге шақырады.

Көрінеу жалған жауап беру заңмен қатаң жауаптылыққа әкеліп соғады.