Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қызметкерлері елорда аумағындағы карантин режимінің сақталуын қатты қадағалауда. 22 наурызда сағат 17:30-да Қарағандыға қарай дала жолымен бара жатқан Renault Logan маркалы көлік тоқтатылды. 30 жастағы азамат осы бағыттағы блокпостты айналып өтіп, 50 мың теңге адам тасымалдамақ болған. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 427-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Әзірге көлік айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар, осы күні Қостанай тас жолы бағытындағы дала жолмен карантин аймағы шекарасын жаяу кесіп өтпек болған екі ер адам ұсталды. Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қалуысы бойынша барлық құқықбұзушы 15 тәулікке қамауға алынды. Қазіргі уақытта төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтан қаласы аумағында блокпосттарды айналып өтетін ықтимал жолдарды анықтау жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті төтенше жағдай жарияланған кезде ҚР заңдарын бұзу істі ауырлататын жағдай деп ескеретінін ескертеді.