Жарақаттан оралған Роналду дубль жасады

Жарақаттан оралған Роналду дубль жасады

Криштиану Роналду жарақаттан кейін алаңға оралып, бірден екі гол соқты. Ол пенальтиден және ойын барысында гол соғып, карьерасындағы 966 және 967-голдарын тіркеді.

«Аль-Наср» өз алаңында «Аль-Нажманы» 5:2 есебімен жеңіп, чемпионаттағы қатарынан 13-ші жеңісіне жетті. Команда маусым аяқталуына 7 тур қалғанда көш бастап тұр.

Роналду наурыз айын толық өткізіп алған. Қазір оның еншісінде 23 матчта 23 гол бар, бұл көрсеткіш бойынша ол «Аль-Ахли» ойыншысы Айвен Тоуниден үш голға қалып келеді.