Семейде өрт туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Абай облысында сот өрт кезінде қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқан тұрғынды жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 3 наурызда Семей қаласындағы Balapark балалар ойын-сауық орталығында өрт шыққан. Арнайы қызметтердің жедел әрекетінің арқасында адам шығынына жол берілген жоқ.

Алайда қала тұрғындарының бірі «Instagram» әлеуметтік желісіндегі пабликтердің бірінде өрт салдарынан 18 адамның қаза тапқаны туралы жалған ақпарат жариялаған.

Құқық қорғау органдары оның жеке басын жедел анықтап, әкімшілік іс қозғады. Сот барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады.

Сот шешімімен оған жалған ақпарат жариялап, таратқаны үшін 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.