Павлодар облысында балықшылар мұз арасында қалып қойды

ТЖМ ресми ақпарат таратты

Павлодар облысындағы Шаңдақсор көлінде екі балықшы мұз арасында қалып қойған. Көктемгі борпылдақ мұздың қозғалуынан олардың резеңке қайығы мұз кесектерінің арасына қысылып, жағалауға шығу мүмкін болмай қалған.

Оқиға туралы ақпарат 112 қызметіне Солнечный кентінен түскен. Кейін оқиға орнына құтқарушылар барып, арнайы құралдардың көмегімен балықшыларды қауіпсіз жерге шығарған.

Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болмаған.