Карантиннан шаршаған әнші балконда ән салған (видео)
Карантиннан шаршаған әнші балконда ән салған (видео)
© Сурет интернеттен алынды
Балконнан айтқан әніне елдің тамсанғанын Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті Анастасия Кожухарова Facebook парақшасында бөліскен. [embed]https://www.facebook.com/100000103631676/videos/3388897617790326/[/embed]  
«Құрметті, достар! Құтықтауларыңызға үлкен рақмет! Қазір отбасымнан, туған жерімнен, достарымнан алыста жүргенімде сіздердің бірауыз жылы сөздеріңіз мені серпіп тастады. Әйтпесе, бүгінгі туған күнім де жай күннің бірі боп қалар еді. Сондықтан сіздерге сыйлық ретінде балконға шығып, ән шырқап, жазып жібермекші болдым. Қызығы, Ave Maria-ны естіген жұрт, таңданып балкондарына шыққаны бар. Сөйтіп, тағы бір «Сағыныш» ариясын орындап бердім. Осының бәрі сіздер үшін!» деп жазған жазбасында.
Еске салсақ, Анастасия Кожухарова Итаияның Флоренция қаласында карантинде жатыр.