Астанадағы 68665 әскери бөлімінде Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті әскери кафедрасының студенттері үшін ашық есік күні ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Практикалық өзара әрекеттесу форматында өткен сабақтарға оқу-жаттығу тапсырмаларын орындауда тәжірибесі бар мерзімді әскери қызметшілер нұсқаушы ретінде қатысты.
Бөлім командирінің орынбасары, подполковник Ренат Қалидолдин студенттерді бөлімнің тәрбие жұмысы жүйесімен, материалдық-техникалық базасымен және қызмет жағдайларымен таныстырды.
– Біздің міндетіміз – осындай кездесулерді мүмкіндігінше тиімді өткізу. Сол арқылы жастарға әскери өмірдің маңызын сезіндіру, – деп атап өтті подполковник Ренат Қалидолдин.
Курсанттарға әскери киім үлгілері, қару-жарақ пен техника үлгілері көрсетіліп, әскери қызметшілердің күнделікті қызметі қалай ұйымдастырылатыны таныстырылды.
Заманауи жаттығу кешені студенттердің қызығушылығын тудырды. Бұл жерде оқ-дәрі шығындамай, полигонға шықпай-ақ жауынгерлік және атыс дайындығы сабақтары өткізіледі.
Студенттер баға жетпес тәжірибе алып, әскери қызметтің қыр-сырын жақыннан көруге мүмкіндік берген сабақтардың жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.
– Мұндай іс-шаралар мамандықты меңгеруге көмектесіп, дұрыс таңдау жасауға деген сенімділікті нығайтады, – деді болашақ тәрбие құрылымдарының офицері, әскери кафедраның бірінші курс студенті Әлібек Закиров.
Университеттің әскери кафедрасында ESIL University, «Тұран-Астана», Nazarbayev University, Maqsut Narikbayev University, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Satbayev University және Cardiff University Kazakhstan филиалдарының студенттері білім алатынын атап өту керек.
Гвардейск гарнизонында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтың жетекшілігімен «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдері командирлерінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен оқу-әдістемелік жиын өтті.
Іс-шараны ашқан Қорғаныс министрінің орынбасары тәрбиелік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды айқындап, жүйелі тәсілді қамтамасыз ету, профилактикалық бағытты күшейту және лауазымды тұлғалардың әскери тәртіптің жай-күйі үшін жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігіне назар аударды.
Сабақтар барысында әскери қызметшілерге психологиялық қолдау көрсету, эмоциялық күйзелістің алдын алу және дағдарыстық жағдайлардың профилактикасы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Проблемалық аспектілер қарастырылып, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар әскерге шақырылғандармен, жас әскери қызметшілермен және динамикалық бақылау тобында тұрғандармен жұмыстың ерекшеліктері айқындалды.
– Әскери тәртіп пен құқықтық тәртіп – жауынгерлік әзірліктің негізгі элементтерінің бірі. Бұл бағыт Қорғаныс министрлігі басшылығының ерекше бақылауында. Әрбір командир мен лауазымды тұлға өзіне сеніп тапсырылған бөлімшелердегі тәртіп үшін жеке жауапты. Құқық бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады. «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға ортақ және мүлтіксіз сақталуға тиіс, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.
Жиын аясында гарнизон бөлімшелері командирлерінің орынбасарларымен кеңес өткізіліп, профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
Құрлық әскерлерінің оқу орталығында Қорғаныс министрінің орынбасары әскери қызметшілермен және командалық құраммен кездесулер өткізді. Кездесу барысында әскери қызмет өткеру жағдайлары, жауынгерлік және кәсіби даярлық деңгейі, сондай-ақ жеке құрамды әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша тәрбиелік және идеологиялық жұмыстың басым бағыттары айқындалып, оның ішінде профилактикалық жұмысты күшейту, тәрбие жұмысын жауынгерлік даярлық жүйесіне ықпалдастыру, лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауды жетілдіру сұрақтары ерекше назарға алынды.