«Тойға дайындала беріңіздер!»: Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызға үйленетінін айтты

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісі Муминамен бірге түскен суретін жариялап, үйленуге ниетті екенін айтты.

Әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты жаңалығын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісі Муминамен бірге түскен суретін жариялап, үйленуге ниетті екенін айтты.

«Тойға киетін көйлек алып, дайындала бересіздер-ау. Қыз жақында он сегізге толады», – деп жазды әнші.

Өнер иесі сонымен қатар сүйіктісінің бойына қатысты сын айтып жатқандарға да жауап берді.

«Тұқымның майдаланғаны бойдың қысқалығына байланысты емес, мүмкін ойдың қысқалығында. Тұқымға күмәніңіз болмасын», – дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.