Әнші Жазира Байырбекова жалғыз ұлының тойынан кейін әлеуметтік желіде видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі тойда қандай қателік жасалғанын айтты. Айтуынша, той қонақтарының тізімі бірнеше рет өзгерген. Бірақ той басталғанда жаңа нұсқа емес, ескі тізім қолданылған.
«Той біткен соң, екі күннен кейін барып барлық минустарды біліп жатырмыз. Қарасақ, тойға келетіндердің тізімі бірнеше рет жасалды. Ең соңғы, екі күн бұрын жасалған тізім кетпей, ескі тізімдер кетіп қалыпты. Координатордың қолында басқа тізім, экранда басқа тізім. Қонақтарды отырғызуда біраз қателестік. Біз қонақтар дұрыс отырғызылды ма деп алаңдап, тойдың қалай өткенін байқамай қалыппыз. Той жасап жүргендер түсінеді. Әттеген-айсыз той болмас», – деді Жазира Байырбекова.
Сонымен қатар тойға шақырылмай қалған жақын таныстарынан кешірім сұрады. Айтуынша, той ұйымдастыру кезінде біраз кемшілік болып, кейбір адамдар шақырусыз қалған.
«Алдағы қуаныштарымызға шақырамыз», – деді әнші кешірім сұрап.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.