Қазақстан құрамасы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдағы өнерін аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ұлттық құрамадан финал жолдамасы үшін соңғы болып Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) шаршы алаңға шықты.
Жартылай финалдағы қарсыласы өзбекстандық Халимжон Мамасолиев болды. Алғашқы раундта екі боксшы да шабуылда көзге түсті. Алайда бұл үшминуттықта Тоғамбай 4:1 есебімен басым түсті.
Екінші раундта Мамасолиев есепті теңестірді. Нәтижесінде, төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Өзбекстан боксшысына берді. Осылайша, Тоғамбай турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, жартылай финал қорытындысы бойынша сегіз қазақстандық боксшы финалға жолдама алды. Алтын медаль үшін Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) жұдырықтасады.