Allur мен «Қазпошта» көлік қызметтері мен логистиканы бірлесіп дамытады

«Қазпошта» АҚ жаңа автокөліктерді сатып алу жеткізудің сенімділігі мен жылдамдығын, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға септігін тигізеді деп күтеді.

Қазақстандық Allur автокөлік компаниясы мен «Қазпошта» АҚ Көлік қызметтері және логистика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Allur Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев қол қойды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Келісім тасымалдау тиімділігін арттыруға, көлік инфрақұрылымын дамытуға және автокөлікті басқарудың заманауи технологияларын енгізуге бағытталған. Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары ретінде пошта және логистикалық қызмет қажеттіліктері үшін автокөлік құралдарын жеткізу, сондай-ақ автопаркті басқару бойынша заманауи шешімдерді енгізу айқындалды. Меморандумға қол қою тараптардың стратегиялық серіктестігін бекітеді және Қазақстанның заманауи, тиімді әрі технологиялық көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуды көздейді.

«Қазпошта» АҚ автопаркті жаңарту бағдарламасын, соның ішінде Қостанай қаласындағы Allur зауытында шығарылған автокөліктерді сатып алу есебінен жүйелі түрде жүзеге асыруда.

Ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясында «Қазпошта» АҚ автопаркті қазақстандық өндірістегі автокөліктермен, сондай-ақ брондалған көліктер мен пикаптарды қоса алғанда, мамандандырылған техникамен жаңартуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Жеткізілімдерді қаржыландыру «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ны тарту арқылы лизинг құралдары негізінде жүзеге асырылады.

«Қазпошта» АҚ жаңа автокөліктерді сатып алу жеткізудің сенімділігі мен жылдамдығын, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға септігін тигізеді деп күтеді.