Күні кеше Ақтау қаласының 13-шағынауданындағы тұрғын үйде 15 жастағы қыз биіктен құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысты суицид нұсқасы қарастырылып отыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.