Алматыда белгілі әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлының мәйіті табылды

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданында тіркелген.

Алматы қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданында тіркелген. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Бұған дейін бұл қайғылы хабарды журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желіде жариялаған. Оның айтуынша, Баир 24 наурыз күні үйінен шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен. Кейін оның көз жұмғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.

Марқұмның жақындары мен желі қолданушылары көңіл айтып, қайғысына ортақтасты.