Қазақстандық теннисші Александр Бублик Монте-Карлодағы маусымдағы алғашқы топырақ турнирінде үшінші айналымға өтті. ATP рейтингінде 11-орында тұрған спортшы жоғары рейтингіне байланысты алғашқы айналымды өткізіп, екінші кезеңде француз Гаэль Монфисті (ATP №199) 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Келесі кезеңде Бублик Иржи Лехечка мен Алехандро Табило арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кету керек, Бублик бұл турнирде рейтингтік ұпай қорғамайды. Өткен жылы ол Монте-Карлода іріктеу кезеңінің бірінші айналымында жеңілген. Алайда жалпы топырақ жабындысында ол 2025 жылы 29 матчтың 23-інде жеңіске жетіп, үш титул еншілеген.