Несие шарттарын қалай түсінуге болады?

Кредитті рәсімдеу – мұқият талдауды талап ететін маңызды қаржылық шешім.

Егер жағдайды алдын ала түсінбесек, онда қосымша шығындарға тап болуға болады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, шартты мұқият зерделеп, кредиттің негізгі аспектілерін ескеру қажет, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тиімді пайыздық мөлшерлеме

Кредиттер туралы сөз болғанда, көпшілігі атаулы пайыздық мөлшерлемеге бағдарланады, бірақ тиімді мөлшерлемені ескермейді. Тиімді мөлшерлеме пайыздарды ғана емес, сондай-ақ қосымша шығыстарды да қамтиды: комиссиялар, сақтандыру жарналары және басқа да міндетті төлемдер. Ол кредиттің нақты құнын көрсетеді. Банктер тиімді мөлшерлемені көрсетуге міндетті, сондықтан міндетті түрде осы көрсеткішті нақтылаңыз.

Қосымша комиссиялар мен төлемдер

Банктер шот ашқаны, кредитке қызмет көрсеткенi немесе мерзiмiнен бұрын өтегенi үшiн комиссия ала алады. Бұл төлемдер қарыздың қорытынды сомасын ұлғайтуы мүмкін. Кредитті ресімдеу алдында ықтимал алымдардың толық тізбесін нақтылаңыз және оларды кредиттің жалпы құнын есептеу кезінде ескеріңіз.

Сақтандыру

Банктерде өмiрдi, денсаулықты немесе мүлiктi сақтандыруды мiндеттi түрде ресiмдеудi талап ете алады. Бұл кредиттің құнын арттырады. Сақтандырудың қандай түрлері қажет екенін анықтаңыз және сақтандыру компаниясын таңдау мүмкіндігін тексеріңіз.

Төлем кестесі

Шартта көрсетілуі тиіс төлем кестесімен танысыңыз. Онда сома мен төлемдерді енгізу күні көрсетілген. Бұл бюджетті жоспарлауға және кешіктірулерді болдырмауға көмектеседі.

Айыппұлдар мен өсімпұлдар

Міндетті түрде айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеу шарттары көрсетілген шарттың бөлімін зерттеңіз. Қарызды уақытылы өтемегені үшін кредитор айыппұл есептеуге құқылы екенін есте сақтаңыз.

Шартты талдау

Егер бірдеңе түсініксіз болып қалса, шартқа қол қоймаңыз. Үйде оқып-танысу үшін шарттың көшірмесін алыңыз немесе мамандармен кеңесіңіз. Банктер сізге кредитке қатысты барлық ақпаратты беруге міндетті.

Қаржылық тәртіп

Кредитті табысты өтеу үшін өз қаржысын сауатты басқару маңызды. Бюджетті төлемдерді уақытылы енгізетіндей және жаңа борыштық міндеттемелерді болдырмайтындай етіп есептеңіз.

Есте сақтаңыз: Кредит – бұл дұрыс көзқараспен пайдалы болуы мүмкін қаржы құралы. Алайда келісімшарттың егжей-тегжейіне назар аудармау күтпеген шығынға әкеп соғуы мүмкін. Шарттарды зерттеңіз, банк қызметкерлеріне сұрақтар қойыңыз және қаржыңызды мұқият жоспарлаңыз.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.