«Мені өлді деп ойлады...»: Жұлдызай Дүйсембиева денсаулығы туралы айтты (видео)

Денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен.

Актриса Жұлдызай Дүйсембиева өмірінде болған қиын кезең туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесінің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен.

"Жүрегім бір тоқтап, қайтадан соқты. Дәрігерлер сол сәтте «Болды, өлді» деп ойлады. Қызым айқайлап жылады. Бірақ бір нәрсе мені қайтадан алып келгендей болды. Фотосессия жасағанда «Жұлдызай оралды деп жасайықшы» деген еді қыз-жігіттер. Құдай солардың аузына салды ма, білмеймін. Қайтадан оралдым", - деді ол. 

Желі қолданушылары актрисаға қолдау білдіріп, мықты денсаулық тіледі. 

"Алла сақтасын! Аман бол", "Ауырма! Құдай жар болсын", "Алла шипасын берсін", "Аман жүр", - деп жазды оқырмандар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.