Алматы облысында 2 балдық жер сілкінісі сезілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жерасты дүмпуі 8 сәуір сағат 22:55-те тіркелген.
ТЖМ мәліметінше, эпицентрі - Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 117 шақырым жерде Қазақстан аумағында (Алматы облысы, Іле ауданы) орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы облысы Күрті ауылы - 2 балл.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.