Павлодарда той үшін деп алынған 6 миллион теңгеден астам несиенің қарызы кешірілді

Аталған қаражатты әйел 2019 жылы той өткізу мақсатында рәсімдеген. Бастапқыда несиесін уақытында өтеп келгенімен, кейін берешек сомасы 6 344 644 теңгеге дейін ұлғайған.

Павлодар қаласының соты түрлі банктерден 6,3 миллион теңге несие алған әйелді банкрот деп танып, оның қарызын есептен шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталған қаражатты әйел 2019 жылы той өткізу мақсатында рәсімдеген. Бастапқыда несиесін уақытында өтеп келгенімен, кейін берешек сомасы 6 344 644 теңгеге дейін ұлғайған.

Сот шешімін шығару кезінде әйелдің тұрақты табыс көзі жоқ екені және оның асырауында екі кәмелетке толмаған бала бар екені ескерілді. Сондай-ақ қарыз көлемінің заңда белгіленген шектен асқаны және бір жылдан астам уақыт төленбегені назарға алынды.

Осыған байланысты сот әйелді банкрот деп танып, қарызын кешіру туралы шешім қабылдады.

Айта кеткен жөн, Қазақстанда ресми табысы жоқ, қарызы 4,9 миллион теңгеден асатын немесе айлық кірісі 36 018 теңгеден төмен азаматтар сот арқылы банкроттық рәсімін қолдана алады.