Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Тассай тұрғын үй алабын газбен қамту мәселесі «AMANAT» партиясы жанындағы партиялық бақылау комитетінің араласуымен оң шешімін тапты. Партияның бақылау комитеті аталған тұрғын үй алабында көшпелі отырыс өткізіп, көгілдір отынмен қамту жұмыстарын көзбен көріп, мәселелерді анықтаған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
ПБК-ның көшпелі отырысына комитет мүшелері, мәслихат депутаты, Қаратау ауданы әкімдігінің мамандары, Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шарушылық басқармасының өкілдері мен мердігер компания өкілдері қатысқан.
Сол жиында сала мамандары бірқатар тұрғын үйдің құжаттандыру жұмыстары қиындық туғызып жатқандығын айтып, партиялық бақылау комитетінен көмек сұраған.
Мәслихат депутаты мамандардың өтінішін ескере отырып, жауапты мекеме өкілдеріне бірқатар тапсырма берді. Осылайша, нысан «AMANAT» партиясының бақылауында болып, жыл соңына дейін мәселе оң шешімін тапты.
Сонымен қатар, Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы 9 көшеге аудан әкімшілік тарапынан жаңа асфальт төселген. Алайда, аталған көшелердің бірі - Фурхат көшесінің 4-өткелінде асфальт төселмей, жұмыс аяқсыз қалған.
Осы мәселеге байланысты тұрғындар «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясына өтініш білдіріп, партия істң бірден назарға алды. Партиялық бақылау комиссиясының ықпалының нәтижесінде Фурхат көшесінің 4-өткелінде асфальт төселіп, тағы бір мәселе оң шешімін тапты.