"Әр нәрсенің өз уақыты болады...": Димаш Құдайберген қашан үйленетінін айтты

Журналистер әншіден қашан үйленетінін сұрады.

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген Астанада өткен форумда жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Журналистер әншіден қашан үйленетінін сұрады. Димаш Құдайберген болашақ жарын таңдауда қателескісі келмейтінін, бұл мәселеге мұқият қарайтынын жасырмады.

«Қазақстанға келгенде паспорт тексерудегі аға-әпкелерімізден бастап «Димашжан, қашан үйленесің?» деп басталады әңгіме. Күтіп алушы, жүргізушілер де сол сұрақты қояды. Үйге келемін. Таңғы, түскі, кешкі ас ішкенде үйдегілер сұрайды. Содан достарым да сұрайды. Әрине, әр нәрсенің өз уақыты бар. Ең бастысы, таңдауыма өте тиянақты қарау керек деп ойлаймын. Өйткені қазір қатты сезімге беріліп, қыз баласының тағдырын ойрандаудан да қорқамын. Қыздарымыздың қадірін қастерлегендіктен бе? Бұл тақырыпқа кішкене басқаша қараймын. Үйленгеннен кейін соңына дейін сол кісімен бір жастықта қартаюды армандап, соған бақыт тауып беру керек деп ойлаймын», - дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.