Бокстан әлем чемпионаты Махмұд Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен биылғы Азия чемпионатында топ жарған Дина Исламбекованы құттықтап, қаржылай сый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Махмұд Сабырхан әріптесін құттықтап жатқан сәттегі видеоны Бокс федерациясы жариялады.
Дина Исламбекова алтын медалін көрсеткен кезде Махмұд Сабырхан оның шотына қаржы аударып, көрімдік береді. Алайда қанша сома екені белгісіз.
Боксшының өзі «500 мың теңге» деп қалжыңдайды.
Айта кетейік, Дина Исламбекова 80 келіден жоғары салмақтың финалында үндістандық Алфия Патханды айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.