Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдары өтіп жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, 20 жастағы Төрехан бәсеке барысында ширек финалда Шамшер Саидовты (Тәжікстан), кейін Ван Пейченды (Қытай) қапы қалдырды.
Атап өтерлігі, жазғы Азия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері Ишаиш 2024 жылы өз елінде өткен Азия чемпионатының финалында отандасымыз Асланбек Шымбергеновпен жұдырықтасып, жеңілген.
Алда әлі Ұлттық құраманың 3 өкілі шаршы алаңға шығады. Бағана -60 кг салмақта бақ сынайтын Оразбек Асылқұлов алтын медаль олжалады. Бұдан бөлек, ерлер командасы сапындағы Махмұд Сабырхан (-55 кг), Ертуған Зейнуллинов (-65 кг) пен Сағындық Тоғамбайда (-90 кг) қола медаль бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.