Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай алғаш рет Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

Париж Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған отандасымыз Нұрбек Оралбай (-85 кг) Жасурбек Юлдошевпен (Өзбекстан) кездесіп, жеңіске жетті. Есеп: 5-0.

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдары өтіп жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрбек осыған дейін 2022 жылы Амманда өткен сары құрлық чемпионатында қола медаль алған.

Енді Қазақстан құрамасы сапынан ақтық сында бір отандасымыз - Айбек Оралбай (+90 кг) қалды.

Бүгін -60 кг салмақта бақ сынайтын Оразбек Асылқұлов пен Сабыржан Аққалықов (-75 кг) алтын медаль олжалады. Осыдан кейін рингке көтерілген Төрехан Сабырхан (-70 кг) күміс медаль еншіледі. Бұдан бөлек, ерлер командасы сапындағы Махмұд Сабырхан (-55 кг), Ертуған Зейнуллинов (-65 кг) пен Сағындық Тоғамбайда (-90 кг) қола медаль бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.