Душанбеде Авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөнінде кеңес өтті

Сессия алаңында Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдерімен екіжақты келіссөздер жүргізілді.

Авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі кеңестің 48-ші сессиясы алғаш рет Тәжікстан аумағында Тәжікстан Республикасы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Хабибулло Назарзоданың төрағалығымен өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шара қатысушыларына Тәжікстан Республикасының Көлік министрі Әзім Иброхим құттықтау сөз сөйледі. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев басқарды. Сессия жұмысына қатысушы мемлекеттердің өкілдері ретінде Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары Владимир Потешкин, Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрінің орынбасары Армен Симонян, Өзбекстан Республикасы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Тахир Назаров, Беларусь Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің авиация департаментінің директоры Игорь Голуба, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекетаралық авиация комитеті (МАК) басшылығы қатысты.

МАК баяндамасына сәйкес, 2025 жылы авиациялық жұмыстар мен тасымалдардың барлық түрлері бойынша ұшу қауіпсіздігінің абсолюттік көрсеткіші (31 авиациялық оқиға) 2024 жылмен салыстырғанда (46 авиациялық оқиға) айтарлықтай жақсарған.

Алдын ала бағалау бойынша, 2025 жылы жұмыстың барлық түрлері бойынша «адами факторға» байланысты авиациялық оқиғалар шамамен 70%-ды құрайды. Келісімге қатысушы мемлекеттердің коммерциялық азаматтық авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен апаттар бойынша ұшу қауіпсіздігінің салыстырмалы көрсеткіштері 2021–2025 жылдар кезеңіндегі ең үздік нәтижені көрсетті.

Қазақстан тарапы Орталық Азиядағы ИКАО талаптарына сәйкес келетін алғашқы ұйым саналатын «Көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру орталығы» АҚ-ның даму тұжырымдамасын таныстырды.

Сессия алаңында Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдерімен екіжақты келіссөздер жүргізілді.

Кеңестің 48-ші сессиясының қорытындысы бойынша қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.

Анықтама: Мемлекетаралық авиация комитеті (бұдан әрі – МАК) посткеңестік мемлекеттердің азаматтық авиация саласындағы қызметін үйлестіру үшін 1991 жылғы Азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану туралы үкіметаралық Келісімнің (бұдан әрі – Келісім) негізінде құрылған.

МАК - Келісімді іс жүзінде іске асыруды жүзеге асыратын, авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) жұмысын және оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық атқарушы орган болып табылады. Келісімге қатысушы мемлекеттер өздерінің өкілетті өкілдері арқылы МАК жұмысына қатысады және оның қызметін бақылауды жүзеге асырады.

2026 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша Келісімге қатысушы мемлекеттер: Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан және Өзбекстан Республикасы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.