Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанды

Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді.

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді.

Бірінші үшминуттықта Сабыржан 4:1 есебімен басым түсті. Екінші және үшінші раундта да басымдығын сақтап қалған қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) алтын алса, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) күмістен алқа тақты.