Актриса Жанел Мақажан қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)

Актриса қызына аналық ақ тілегін жеткізді.

Актриса, блогер Жанел Мақажан әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі тұңғыш қызын ұзатады. Актриса тойға дайындықты бастаған. Ол әлеуметтік желіде қызына көйлек таңдап жүрген бейнежазба жариялады. 

Актриса қызына аналық ақ тілегін жеткізді.

«Бақытты бол, қызым! Жаңа өмірге басқан қадамың оң болсын! Қарасаң көз тоймайды», – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары актрисаны қуанышымен құттықтап, жас жұбайларға ақ тілегін жазып жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.