Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек ана атанды (видео)

Қуанышты жаңалықты спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Паралимпиада ойындарының чемпионы — Тбилисидегі әлем кубогының жеңімпазы Ақмарал Науатбек ана атанды, – деп жазды Aikyn.kz.

Қуанышты жаңалықты спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Бейнежазбадан спортшы сәбиін қолына алып отырғанын көруге болады.

«Махаббатым», - деп жазған видеоға.

Ақмарал Науатбек 2022 жылы дзюдошы Мәди Амангелдіге тұрмысқа шыққан. Желідегі парақшасында отбасылық суреттерін жиі жариялап тұрады.

Ақмарал Науатбек - пара дзюдодан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. J2 санатында, 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. 

Спорттық мансабын 11 жасында бастаған. Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. 2021 жылы көру қабілеті нашарлаған соң паралимпиадалық дзюдоға ауысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.