Қазақстанда тұрғын үйді сату да, сатып алу да азайды

Оның ішінде 5 951-і жеке үйлерге, ал 22 542-сі көпқабатты үйлердегі пәтерлерге тиесілі.

2026 жылғы наурызда Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 28 493 мәміле тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның ішінде 5 951-і жеке үйлерге, ал 22 542-сі көпқабатты үйлердегі пәтерлерге тиесілі.

Ақпан айымен салыстырғанда мәмілелер саны 3,9%-ға артқан (27 421). Ал 2025 жылдың наурызымен салыстырғанда өсім 2,7%-ды құрады (27 739 мәміле).

Алайда 2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға төмендеген.