Қазақ ғылымы өндіріс өзегін таба алды ма?

Қазақстанда 12 сәуірде Ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі. Ғылым министрлігіне сенсек, бүгінде ғалым болу – беделді ғана емес, жоғары табысты кәсіп.

Гранттар, түрлі бағдарлама мен жоба аясындағы миллиардтаған қаржыландыруды қоспағанда, өңірлерде бұл кәсіп иелерінің орташа жалақысы 845 мың теңгеге жетті: республикалық орташа деңгейден 2,4 есе жоғары! Демек, мемлекет ғалымдардан нақты өнім мен қайтарым талап етуге құқылы. Президенттің тапсырмасымен, биыл Үкімет экономика салаларын роботтандыруға және жаппай ЖИ ендіруге кірісті. Бұл іске ғалымдардың сүйеу болғаны керек-ақ.

«Сиқырлы сақина» синдромы

Республикада бұрынғы он­жыл­дықтарда жалындап, ұран­да­та айтылатын инновация туралы әңгіме бүгінде саябырлап қалған еді. Бұған дейінгі үкіметтер ин­дуст­риялық-инновациялық бағ­дарламаларға триллиондап қар­жы бөлгенімен, оның нәтижесін халық сезіне алған жоқ. Қаншама жарнамаланған «Қазақстанда жа­салған» планшет, теледидар, бас­қа тұрмыстық техника шетелдік нарықты былай қойып, өз дүкен­дері­мізден табылмайды. Яғни, жо­ба көп болғанымен, өнім аз бол­ды.

Бұл ретте саланың симво­лы­на айналған бір «инно­вация­лық кейс» ел есінде қалды. 2014 жылдан бастап инновацияға жауап­ты министрліктер мен ұйым­­­­­дар қазақстандық ғалымдар то­бы ойлап тапқан, жыныстық жол­мен жұғатын жұқпалы ауру­лар­ды лезде анықтайтын «си­қыр­лы» сақинаны «әлемде теңдессіз» деп дәріптеді. Ол сол кездегі ел бас­шылығына таныстырылды, бар­лық салалық іс-шарада бет­кеұс­тар озық жоба ретінде ұсы­ныл­ды. Түрлі тетіктен қаржы­лан­ды­рылды, сан алуан марапатқа ие бол­ды. «Астаналық ғалымдар «Hoope диагностикалық са­қи­на­сы» атты бірегей, әлемде тең­дес­сіз гаджет жасады. Оны саусаққа таққан адам бірден өзінде жұқ­па­лы аурудың бар-жоғын біле ала­ды», – делінген баспасөз хабар­ла­масында. 

Бұл әзірлеме адамға өз ден­сау­лығын өз бетінше және құпия түр­де бақылауға мүмкіндік бере­тін инновациялық өнім ретінде ұсы­нылды. Оның елдегі мың­да­ған жасырын ЖИТС жұқты­ру­шы­­ларды анықтауға үлес қоса­ты­ны меңзелді. Мәнісі – құрылғы жы­ныстық жолмен берілетін ау­руларды анықтау үшін қанға экс­пресс-талдау жасайды. Сақина сау­саққа тағылады. Ол микротесу жа­сап, қанның бір тамшысын ала­ды және кіріктірілген сен­сор­лардың көмегімен бірден диаг­нос­тика жүргізеді. Бүгінде сол Hoope қайда? Тұтынушылар қай­дан сатып ала алады? Еш­қайдан. Өйткені уақыт өте келе бұл жоба көпшілік күткен дең­гейге жетпеді. Жобаның про­то­типі жасалғанымен, әрі ұзамаған, тиі­сінше, елдегі еркін сатылымда қол­жетімді тұтынушылық өнді­ріске шыққан жоқ. 

Ақылды үйден қорғалған Отанға дейін

Ғылым қызметкерлерінің кә­сіби мейрамы қар­саңын­­­да Ғылым және жоғары бі­лім министрлігі отандық ға­лым­дар­дың инновациялық жо­­ба­­ларына арналған бейнема­териал­дар сериясын жариялады. Жо­ба­ның көбісі (бәлкім, бәрі) – әлем­де бар технологияларды же­тілдіруге құрылған. Оның бі­рінде ҒЖБМ Сәтбаев уни­вер­си­тетінің ғалымдары құрылыс са­ла­сына арналған 3D-принтердің дәл­дігін арттыруға мүмкіндік бе­ре­тін манипуляторды жасап шық­қанын мақтан етті. 

– Қазір құрылысқа арналған 3D-принтерлерде баспа бастиегін по­зициялау үшін негізінен пор­тал­ды, сериялық немесе кабельді тип­тегі роботтар қолданылады. Алай­да мұндай жүйелер құрылыс алаңындағы шаң, діріл және тем­ператураның ауытқуы сияқты күр­делі өндірістік жағдайларға то­лық бейімделмеген, сондай-ақ олар­ды калибрлеу күрделі. Атал­ған кемшіліктерді жою үшін Сәт­баев университетінің ғалымдары ар­найы компенсациялаушы ма­нипулятор мен бетонды бас­па­лау­ға арналған шүмекті әзірледі, – деп түсіндірді ведомство.  

«Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы әуе робототех­ни­ка­сы бағытында мемлекеттік сек­тор, қоғамдық қауіпсіздік жә­не өндірістік кәсіпорындар үшін бір­қатар заманауи шешім әзір­ле­ген. Оның қатарында нысана­лар­ды – жаудың жаяу әскерін және ұрыс техникасын аңдып, анық­тап, зақымдауға арналған «Жебе» тос­қауылдау оқ-дәрісі (ұшатын сна­ряд), оқу-жаттығу мақсатын­дағы ұшқышсыз әуе нысаналары, украиналық атақты Sea Baby сияқ­­ты теңіз операцияларына ар­­­­налған экипажсыз кеме, мо­биль­ді робототехникалық кешен­дер, сондай-ақ іздеуге, барлауға және арнайы тапсырмаларды орындауға арналған «Қарақұс», «МАСА», Saryarqa, JETISÝ, SAMŪRYQ, «Шағала-М» сияқты ұш­қышсыз жүйелер бар. Бұл әзір­лемелер отандық ғылымның қор­­ғаныс және жоғары техно­ло­гиялар саласындағы әлеуетін арт­тырып, еліміздің техно­ло­гия­лық тәуелсіздігін нығайтуға елеу­лі үлес қосуға тиіс.

Ғылым қорының қолдауымен 2023-2025 жылдары жүзеге асы­рылған ғылыми жоба аясында Wallee бағдарламалық қамты­лы­мы жасалып, Smart Home жүйесі то­лыққанды өнім ретінде нарық­қа ұсынылыпты. «Ірі құрылыс ком­панияларымен жұмыс істей­міз. Өнім автоматтандыру үшін қол­данылады, ал датчиктер қауіп­­сіздікті қамтамасыз етеді. Барлық сигнал біздің мобильді қосымшаға түседі. Құбыр жары­лып, су ақса, сымнан ақау шы­ғып, нысан – кеңсе не баспана іші түтінге толса немесе бөгде адам кіріп кетсе, ол туралы иесі бір­­ден хабар алады. Үтікті қосулы күй­де ұмыт қалдырса, үйдегі электр қуатын қашықтан өшіреді. Астана, Алматы мен Шымкентте 15 мың пәтермен келісімшарт жа­састық, оның 7 мыңына орна­тыл­ды», – дейді Connected Home директоры Саят Ақтай. 

Зерттеуші ғалым, PhD Ал­бан­бай Нұртай бастаған ғалымдар тобы қоршаған ортадағы ме­ханикалық тербелістерді электр қуатына айналдыратын ықшам әрі тиімді құрылғы жасау үшін тер төгіп жатыр. Зерттеу мақсаты – бірнеше жүз герцке дейінгі, яғни табиғи ортада жиі кездесетін тер­бе­ліс диапазонында істейтін электро­магниттік түрлендіргішті әзірлеу. Ұқсас жүйе әлемде бар екен, бірақ олардағы автономды IoT-датчиктер әдетте тұрақты қуат көзін қажет етеді. Жаңа әзір­леме электрмен жабдықтаудың ба­лама тәсілін ұсынып, түрлі са­ла­да, мәселен, егіс алқабының жай-күйін бақылау немесе эко­логиялық мониторинг жүргізу үшін жоғары сұранысқа ие бола­ды деп күтіледі. 

Бізде роботтар дәуірі басталды ма?

Жаңа Конституцияда бе­кі­тілген мемлекеттің стра­тегиялық бағытын іске асыру ая­сында білім мен технологияға, жа­сампаздық пен инновацияға не­гізделген экономиканы дамыту ен­ді ерекше маңызға ие. Эко­но­ми­ка салаларының қолданбалы мін­деттерін шешуге ғылыми қауым­дастықты тарту басым ба­ғыт. Осы орайда инновацияға жауап­ты жеке мекеме – Эко­но­ми­ка салаларын роботтандыру жө­ніндегі жобалық кеңсе құру жос­­­­­­парланып отыр. Бұл туралы Өнер­­кәсіп және құрылыс ми­нист­рі Ерсайын Нағаспаев хабарлады. 

– Инновацияларды дамыту жә­не технологиялық жаңғырту – өнеркәсіптік саясаттың негізгі ба­ғытының бірі. Өнеркәсіптік сая­сат туралы заңда цифрлық тран­сформация, Индустрия 4.0 тех­нологияларын енгізу, ин­дустрия­лық инфрақұрылымды да­мыту және кәсіпорындарды жаң­ғыртуға инвестицияны ын­таландыру басымдық ретінде ай­­­қындалған. Бұл шараларды іс­ке асыру қазірдің өзінде нақты нә­тиже әкелді. Кәсіпорындардың ин­новацияларға жұмсаған шы­ғыны 2021 жылмен салыс­тыр­ған­да 4,5 есе өсіп, 1,9 трлн теңгеге жетті, – деді Е.Нағаспаев.

Жалпы, шахтадағы, түрлі ке­нор­нындағы жұмыс адам өмірі үшін қауіпті. Министр геология са­ласында жер астында терең ор­наласқан және дәстүрлі әдіс­тер­мен табылмайтын жасырын кен орын­дарын іздеу үшін инно­вация­лық геохимиялық әдіс енгі­зі­ліп жатқанын атап өтті. Әдіс то­пырақтағы металдардың әлсіз іздерін де таба алады. Сол арқылы мамандар жер астында қандай және қанша көлемде пайдалы қаз­ба барын біледі. 

Шикізатқа тәуелділіктен құ­тылу­дың жалғыз жо­лы – жер астын­дағы байлықты ақыл­мен игеру. Тау-кен метал­лур­гиясында шикізатты өңдеу тиім­ділігін арттыру және төмен сорт­ты және техногендік ресурс­тар­ды кәдеге жарату үшін инно­вациялық шешімдер іске асырылу үстінде. Оны қаржыландырудың не­гізгі көлемі жер қойнауын пай­да­ланушылардың өндіріс шы­ғын­дарының 1%-ын міндетті ау­дару есебінен қалыптасады. Соң­ғы 5 жылда тау-кен сала­сы­ның ірі кәсіпорындары ғылыми-зерт­теу және тәжірибелік-конс­трук­тор­лық жұмыстарға шамамен 150 млрд теңге инвестиция құйып, 1,5 мыңнан астам жобаны іс­ке асырды. Бұл әзірлемелер нақ­ты өндірістік міндеттерді ше­шуге бағытталған.

Біріншіден, Аяқ-Қожан, Ақ­то­ғай, Алмалы кен орындарында, Қоңырат үйінділерінде, Боз­ша­көл фабрикаларында төмен сорт­т­ы мыс құрамды шикізатты өңдеудің байыту-гидрометаллур­гия­лық аралас технологиялары қол­данылады. Бұл жылына 50 мың тонна катодты мыс өндірісін және 350 млн долларға дейін кіріс­ті қамтамасыз етеді.

Екіншіден, «Берқара» кеше­нін­де үйінді сілтісіздендіру тех­но­­­­логиясы енгізілді, бұл кәсіп­орын­ның жылына 5 мың тонна ка­тодты мыс өндіру жобалық қуа­тына шығуын қамтамасыз етті. Үшінші жоба – Қаратаудың ва­надий құрамды кварциттерін гид­рометаллургиялық өңдеу іске асырылып, ванадийді 85%-дан, молибденді 77%-дан астам алуға қол жеткізілді. Төртіншіден, Бұ­ғы­ты кен орнының шеелит кен­де­рін өндіру және өңдеу техно­ло­гия­сы оңтайландырылды. Соның нә­тижесінде, вольфрам кендерін өңдеу зауыты іске қосылып, жы­лына қосымша 100 тоннаға дейін воль­фрам триоксиді алынатын болды.

Бұдан бөлек, Балқаш мыс қо­рыту зауытында ілеспе компоненттерді кешенді алу үшін тотықсыздандырғыш электрмен балқыту технологиясы әзірленді, бұл жылына мың тоннадан астам бағалы металл қорын өңдеуге мүм­кіндік береді. Ал «Жез­қаз­ған­си­рекметалда» ыстыққа төзімді никель қорытпаларының қай­та­ла­ма шикізатын рециклингтеу тех­нологиясы енгізілді. Бұл ре­ний шығаруды 10 есеге арттырып, ни­кель, кобальт және басқа да ле­гирлеуші элементтерді қосым­ша алуға мүмкіндік берді. Ве­домство мәліметінше, ЖИ енгізу жөніндегі жол картасы шең­берін­де 11 пилоттық жоба іске асырыл­ды.

– Машина жасау саласындағы ин­новацияларды дамыту шең­бе­рін­дегі басымдықтардың бірі – өн­дірісті роботтандыру. Бүгінде отан­дық өнеркәсіпте 10 мың жұ­мысшыға шаққанда шамамен 7 роботтан келеді, бұл әлемнің же­текші елдерінен көп төмен. Ро­боттандыруды дамыту және өн­дірістегі кадр тапшылығын азайту үшін цифрлық ше­шім­дер­ді, соның ішінде ӨАБЖ (АСУП), деректер аналитикасын, ЖИ эле­менттерін және цифрлық плат­­фор­маларды, сондай-ақ өнер­­кә­сіп­тік роботтар енгізу бойынша бел­сенді жұмыс бас­тал­­ды, – деді ми­нистр Е.Нағас­паев.

2025 жылы 300-ден астам ро­бот орнатылыпты. Озық үлгі ре­тін­де 68 роботы бар KIA Qazaqstan зауыты және 54 роботы бар Astana Motors зауыты тілге тиек етілді. Роботтар әл-әзір адамды ал­мастырмайды, ол адам еңбегін қауіп­сіз әрі өнімді етеді. Ендігі мақ­сат – шетелден таситын емес, сол роботты бағдарламалайтын жә­не жасайтын ұлтқа айналу.

Ғылым қызметкерлерінің ме­рекесі – той тойлайтын емес, ой ой­лайтын, кешегі күмәнді кейс­тер­ден арылып, қателігінен сабақ алып, ертеңгі нақты техноло­гия­лық тәуелсіздікке нық қадам жа­­­­сауға бастайтын меже. Қазақ­станда ғылымға бөлінетін қаржы да, көңіл де артты. Бірақ тәжірибе көр­сеткендей, идея мен нәти­же­нің арасы – ең күрделі өткел.

Елдос СЕНБАЙ