Балалар арбасына дәрет сындырған курьерге қатысты маңызды мәлімдеме жасалды

Компания өкілдерінің айтуынша, курьер бұл оқиғаға дейін-ақ тапсырыстарды орындаудан шеттетілген.

«Glovo» жеткізу қызметі балалар арбасына зиян келтірген ер адамның 2024 жылғы 25 қыркүйектен бері компанияда жұмыс істемейтінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Компания өкілдерінің айтуынша, курьер бұл оқиғаға дейін-ақ тапсырыстарды орындаудан шеттетілген.

«Біз бұл жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіреміз. Мұндай әрекеттер компания құндылықтарына мүлдем қайшы келеді», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адамның не себепті компания логотипі бар сөмкені пайдаланғаны белгісіз.

«Glovo» құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Полиция күдіктінің жеке басын анықтағанымен, оның ұсталғаны туралы нақты ақпарат бермеді.