Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының финалына шығу үшін күреседі

Ол 92 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол 92 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалда Дәулетбеков моңғолиялық Бат-Эрдэнэ Бямбасүрэнді 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін 86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев та жартылай финалға шыққан болатын.