Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Бұхара қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Салтанатты қарсы алу рәсімінде Қазақстан Президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалды.

Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды.