Бас прокуратура жанындағы академияда заң ғылымын цифрландыру мәселесі көтерілді

Іс-шарада Қазақстан мен шет елдердің мемлекеттік органдарының, ғылыми қоғамдастығы мен білім беру ұйымдарының өкілдері бірікті.

Күні кеше Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Ғылым күніне орайластырылған және Ведомстволық білім беруді жетілдіру жылы аясында өтіп жатқан «Заң ғылымының трансформациясы: жас ғалымдардың көзқарасы» атты IX халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шарада Қазақстан мен шет елдердің мемлекеттік органдарының, ғылыми қоғамдастығы мен білім беру ұйымдарының өкілдері бірікті.

Пленарлық және панельдік отырыстар заң ғылымын цифрландыру, жасанды интеллект енгізу, прокуратура қызметін жаңғырту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналды. Құқық қолдану практикасының өзекті бағыттары бойынша зерттеулер ұсынылды.

Жұмыс секциялық отырыстарда жалғасып, үздік қатысушыларды марапаттаумен ғылыми баяндамалар байқауы өтті.

Конференция қорытындысы ғылыми диалог пен халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын, сондай-ақ Академияның жетекші ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі мәртебесін растады.