Ресей Украинадағы соғысты тоқтату үшін жаңа шарт атады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, Украинадағы соғысты аяқтау үшін Ресейге қауіпсіздік кепілдіктері берілуі тиіс. Оның айтуынша, мұндай кепілдіктерсіз қақтығысты реттеу мүмкін емес. Бұл туралы ол ресейлік БАҚ сұрағына жауап беру барысында айтты.
Лавров Еуроодақтың Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін ұсыну мәселесін көтеріп отырғанын атап өтті. Алайда Ресей үшін мұндай кепілдіктердің қарастырылмай отырғанын сынға алды. Сонымен қатар ол қазіргі жағдайда Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беруді қолдамайтынын жеткізді.