Еліміздегі беделі биік, тарихы терең аталмыш радионың әнұранының авторы да – Ұлықпан Жолдасов. Композитордың авторлық әндерін тек отандық әншілер ғана емес, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Армения, Португалия сынды елдердің жұлдыздары да орындап жүр. Композитор биыл 60 жасқа толды. Жақында Aikyn.kz тілшісі әншіні мерейтойымен құттықтап, шығармашылығы жайында әңгіме өрбітті.
Aikyn.kz: 40 жыл сахнада жүрсіз ғой. Осы уақытта «Өнерге адал болу» дегенді қалай түсінесіз?
Қазір өнер «сауда алаңына» айналып кетуіне алаңдаймын. Өйткені әннің бағы көбіне орындаушыдан туады, кейде оның мазмұны халықтың жүрегіне жетіп, хитке айналады. Бірақ осы үдерісті таза коммерцияға айналдырып, туындыны тек сату үшін жазатындар да кездеседі. Меніңше, композитор болсын, ақын болсын, шығарманы, ең алдымен, жүрекпен жазуы керек. Өнер – тауар емес. Бұрынғы қазақтың салтында авторға ризашылық білдірудің өз әдебі болған. «Ат мінгізіп, шапан жабу» деген дәстүрдің астарында үлкен құрмет жатыр.
Әлеуметтік желілерде «арнайы ән жазып беремін» деген жарнамаларды да жиі көреміз. Бұл да өнердің белгілі бір деңгейде арзандап кеткенін аңғартады. Дегенмен, соған қарамастан, арамызда өнердің шын қадірін білетін, сапалы дүниеге жұмыс істейтін мықты композиторлар бар.
Сұхбатты толық мына сілтемеден оқи аласыз