Құтқару қызметіне «Горельник» шатқалындағы «Орлиное гнездо» бақылау нүктесінің маңында өздігінен төмен түсе алмай қалған жігіт пен қыз туралы хабар түсті, - деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жастар табылды.
Анықталғандай, олар иттердің немесе басқа жануарлардың ұлығанына ұқсас дыбыстардан қорқып, көмек сұраған. Жастар тауға тиісті киім мен қажетті жабдықсыз шыққан, бұл олардың өздігінен түсуін қиындатқан.
Құтқарушылар оларды Медеу бөгетіне дейін жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады, операция аяқталғаннан кейін олар өздінінен кетіп қалды, - деп жазылған ресми хабарламада