Оралда жеңіл автокөлік өртеніп, 16 жастағы жасөспірімді күйік шалды

Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта оның шығу себептері анықталып жатыр.

Орал қаласында жеңіл көлік өртеніп, салдарынан 16 жастағы жасөспірімді күйік шалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға қаладағы «Ескі аэропорт» көшесінде орналасқан сауда үйінің маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан сәтте Lada Granta көлігінің ішінде жасөспірім болған. Ол дер кезінде сыртқа шығып үлгерген.

Зардап шеккен бала термиялық күйік алып, облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт салдарынан тағы бір көлік зақымданған. Жалын жанында тұрған екінші автокөлікке де тараған.

Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта оның шығу себептері анықталып жатыр.