Атыраулық полицейлер есінен танып қалған жүргізушінің өмірін сақтап қалды

Тәртіп сақшылары бірден тоқтап, жағдайды тексеру барысында жүргізушінің есінен танып қалғанын анықтайды. Олар жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оқиға орнына жедел жәрдем шақыртады.

Атырау облысында полиция қызметкерлері жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігінің жүргізушісіне дер кезінде көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

12 сәуір күні облыстық ПД-нің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері Мақат ауданынан іссапардан қайтып келе жатып, Атырау–Құлсары тас жолы бойында жол жиегіне шығып кеткен Shacman маркалы жүк көлігін байқайды.

Тәртіп сақшылары бірден тоқтап, жағдайды тексеру барысында жүргізушінің есінен танып қалғанын анықтайды. Олар жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оқиға орнына жедел жәрдем шақыртады.

Кейін 43 жастағы Өзбекстан азаматы келген медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде жүргізушіге уақытылы көмек көрсетіліп, болуы мүмкін қауіпті жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Баян Жанұзақова