Астанада түнгі уақытта №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қала әкімдігінің мәліметінше, өрт туралы хабар 11 сәуір күні сағат 22:48-де түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі 22:55-те жетіп, 23:08-де жалынды толық сөндірді.
Жедел қызметтер мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі шұғыл әрекетінің арқасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қауіпсіздік мақсатында науқас балалар көршілес ғимаратқа уақытша көшірілді.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.