Танымал әнші Қайрат Нұртастың үлкен ұлы Нарұл әлеуметтік желіде жариялаған видеосымен көпшіліктің назарын аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол өзінің жеке парақшасында мектеп кабинетінде мұғаліммен бірге түскен видеосын бөліскен. Аталған жазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.
Кейбір оқырмандар оқушының әрекетін сынға алып, мектептегі тәртіп мәселесін көтерсе, енді біреулері мұны жасөспірімнің әдеттегі қылығы ретінде бағалады.
Пікір қалдырушылардың бір бөлігі: «Осыдан кейін мектепте қандай тәртіп болсын», «Әншінің ұлы еркін жүр», десе, басқалары керісінше, жағдайды ушықтырмауға шақырған.